Басты Жаңалықтар Қарағандыда балабақшадан өрт шықты

Қарағандыда балабақшадан өрт шықты

Қарағанды қаласында балабақшалардың бірінен өрт шығып, балалар эвакуацияланды. Жеке меншіктегі мекеменің жертөлесінен от тұтанып, электр қалқанының автоматы жанып кеткен. Құтқарушылар дер кезінде келіп, ғимараттағы 88 адамды қауіпсіз жерге шығарды. Оның 82-сі кішкентай бүлдіршіндер. Бәрі аман. Өрт толық сөндірілді. 

Жандос Бақытұлы

Бөлісу