Ертіс орманындағы өрт шалған аумақтар «Таза Қазақстан» акциясы аясында қалпына келтіріледі
Ертіс орманындағы өрт шалған аумақтар «Таза Қазақстан» акциясы аясында қалпына келтіріледі. Бұл жұмыстарға әдеттегідей студенттер ғана емес, ауыл оқушылары да жұмылдырылады. «Ертіс орманы» резерваты «Таза Қазақстан» акциясы аясында бір жылдық жоспарын бекітті. Осы мақсатпен Аққулы және Шарбақты ауданындағы 15 мектеппен ынтымақтастық шарты жасалды.
Ал бүгін орман қызметкерлері білім ошақтарына барып, балаларға қылқан жапырақты ағашты егудің тәсілдерін үйретті. Қарақала Орта білім беру мектебінде арнайы құтыларға 200 тұқым егілді. Биыл оқушылар өртеніп кеткен қарағайлы орманға бес мыңдай көшет екпек.
Мұрат Тәшімов, «Ертіс орманы» табиғыи резерватының бас маманы:
Жабық тамырмен өсірген тұқымдар – негізі олардың өсімі жақсы. Тамырлардың өздерімен, өзінің құмымен салғанда тез көтеріледі олар. Ертіс орманында былтыр 2288 гектар егілді. Биылғы жоспар бойынша 2140 гектар егіледі.
Болат Аманбаев
Автор
Болат Аманбаев
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қ.Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына сапары қалай өтті?
07.09.2025, 20:38

Қайрат Қожамжаровқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды
07.09.2025, 20:34
Мектеп асханасына қандай стандарт енгізілді?
07.09.2025, 20:19
Талғардағы қылмыс: Әрекетсіздігі үшін полицейлердің үстінен іс қозғалды
07.09.2025, 20:13
Маңғыстауда ветеринарларға жаңа көліктер берілді
06.09.2025, 18:36
Ертең футбол: Бельгия-Қазақстан
06.09.2025, 18:33
Пара хоккейден Әлем чемпионаты басталды
06.09.2025, 18:30
Әлемдік рекорд жаңартылмақ
06.09.2025, 18:19