Израиль мен «Хамас» Газа секторындағы атысты тоқтауы туралы ортақ келісімге келетін күн алыс емес. «Рейтер» агенттігінің хабарлауынша, соғысты аяқтау жөніндегі жоспардың соңғы жобасын бекіту жөніндегі келіссөздер бүгін Қатар астанасында өтеді. Бұған дейін АҚШ президенті Джо Байден де атысты доғару және кепілдегілерді босату жайлы келісімнің жүзеге асуға жақындап қалғанын мәлімдеді. Делдалдардың сөзінше, түндегі келіссөздерден кейін келісім жобасы «Хамас» пен Израильге табысталған.
Естеріңізге сала кетсек, Израиль оккупациясына наразы «хамастықтар» 2023 жылы қазанның 7-де Израильдің оңтүстігіне басып кіріп, 1200 адамды өлтіріп, 250-ін кепілге алды. Содан кейін Израиль армиясының Газаға шабуылдары басталып, 46 мыңнан астам палестиналық мерт болды. Анклавтың басым бөлігі жермен-жексен болып, жергілікті 2,3 миллион халықтың 90 пайыздан астамы үйлерін тастап кеткен.
Арыстан Рысбек