Шымкентте орталық су-спорт кешені мемлекетке қайтарылды
Шымкентте қазынаның 1,23 млрд теңгесіне салынып, жекеменшікке берілген суда жүзу кешені тоз-тозы шыққан күйінде мемлекет қарауына қайта алынды. Нысанды сенімгерлік басқаруға алған компания спорт ғимаратын дамытуға 500 млн теңге қаржы жұмсауы керек еді. Алайда бұл талап мүлдем орындалмаған.
Оған қоса коммуналдық төлемдер мен салыққа берешегі тағы бар. Ең сорақысы, орталық су спорт кешені 7 жылдың ішінде ғимаратты күтіп ұстау және споршылардың жаттығуы үшін бюджеттен тағы 1 млрд теңгеден астам ақша алған. Соған қарамастан бүгінгі таңда спорт нысанының жағдайы аянышты. Қазір соттың шешімі бойынша кешен толығымен мемлекет қарамағына қайта алынды.
Әйгерім Жұмағұлова, қалалық ішкі саясат басқармасының басшысы:
Ары қарай ғимарат ол спорт басқармасының есебінде болады. Спорт басқармасы биыл жыл соңына дейін ол жерге күрделі жөндеу жұмысын жүргізіп, кешенді пайдалануға береді.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды
09.09.2025, 20:34

Израиль Дохаға шабуыл жасады
09.09.2025, 20:33
Бір палаталы Парламенттік жүйе заң шығару процесін жеделдетеді
09.09.2025, 20:29
Электронды поштаның құпиясөзін ауыстыруға кеңес берілді
09.09.2025, 20:29
Полицейлер жаяу жүргіншілер жолындағы самокаттарды арнайы тұраққа әкетіп жатыр
09.09.2025, 20:28
Сарапшы: Бір палаталы Парламентке көшу– көппартиялы жүйені дамытуға мүмкіндік
09.09.2025, 20:26
Жол апатын азайту мақсатында заңға түзетулер енгізіледі
09.09.2025, 20:26
Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
09.09.2025, 20:22