Басты Жаңалықтар Таразда діни радикалды топ ұсталды

Таразда діни радикалды топ ұсталды

Таразда 11 адамнан тұратын діни радикалды топ мүшелері құрықталды. Олар әлеуметтік желілерде тыйым салынған діни мазмұндағы материалдарды насихаттап келген. Жат ағым жетегінде жүргендер ғаламторда шетелдік радикалды уағызшылардың діни дәрістерін таратқан. Тінту кезінде діни алауыздық белгілері бар кітаптар тәркіленді. Топ басшысы мен тағы 4 адам қамалып, қалғандары қылмыс куәгерлері ретінде кінәларын мойындаған.

Данияр Әлімқұл


Бөлісу