Басты Жаңалықтар Президент Мекемтас Мырзахметұлының жақындарына көңіл айтты

Президент Мекемтас Мырзахметұлының жақындарына көңіл айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев белгілі ғалым, филология ғылымдарының докторы, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының дүниеден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айту жеделхатын жолдады.

«Мекемтас Мырзахметұлы бар салиқалы ғұмырын Абай мұрасын зерделеуге, отандық әдебиеттану ғылымының керегесін кеңейтуге арнаған зиялы тұлға еді. Ұлт руханиятының ілгері басуына сүбелі үлес қосып, көптеген шәкірт тәрбиеледі. Ұзақ жылғы қажырлы ізденістерінен туған құнды еңбектері лайықты бағаға ие болды. Ғибратты ғұмыр кешіп, соңына өнегелі із қалдырған Мекемтас Мырзахметұлының аяулы есімі халқымыздың жадында сақталады. Марқұмның иманы саламат, жаны жәннатта болсын»,-делінген көңіл айту жеделхатында.


Бөлісу