Атырау мұнай өңдеу зауытында бензин төгіліп қалған - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау мұнай өңдеу зауытында бензин төгіліп қалған

10.01.2025

Атырау мұнай өңдеу зауытында бензин төгілді. Кеше кешкісін бензин айдайтын құбырда ақау пайда болған. Қазір ластанған аумақ тазаланып жатыр. Барлық технологиялық қондырғы қалыпты жұмыс істеп тұр, мұнай өнімдерін өндіру және жөнелту жоспарға сәйкес жүруде. Әзірге қанша бензин төгілгені айтылмады. Экологтар жағдайды бақылауға алды. Мамандар тексеру жүргізбек. 

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Хабарламаларға жазылу