Шымкентте тазалық акциясына 60-қа тарта азамат қатысты
«Аmanat» партиясы ұйымдастырған «Таза бейсенбі» жалпыұлттық акциясы аясында Шымкентте «Шымсити» шағынауданы аумағында тазалық жұмыстары жүргізілді. Оған саяси ұйым мүшелері, жастар, белсенділер мен комуналдық саланың 60-қа тарта азаматы қатысты.
Мегаполистегі жаңадан бой көтеріп келе жатқан бұл аумақта қазір құрылыс қарқынды жүруде. Сондықтан маңайға жиі қоқыс жиналып қалады. Акция аясында шағынаудан аумағынан бірнеше көлік тұрмыстық қалдықтары шығарылды. «Аманаттықтар» бұл шараны биыл да үздіксіз жалғастыра бермек.
Әбдез Рахманұлы, «Amanat» партиясы Шымкент қаласы Абай аудандық филиалының атқарушы хатшысы:
Осы акцияға соңғы кездері әлеуметтік желіден, бұқаралық ақпарат құралдарынан көрген тұрғындарымыз көбірек қатыса бастады. Бұл «Таза Қазақстан» акциясы мақсатының орындалғаны деп ойлаймын.
Ғани Қалмаханов
Автор
Ғани Қалмахан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды
09.09.2025, 20:34

Израиль Дохаға шабуыл жасады
09.09.2025, 20:33
Бір палаталы Парламенттік жүйе заң шығару процесін жеделдетеді
09.09.2025, 20:29
Электронды поштаның құпиясөзін ауыстыруға кеңес берілді
09.09.2025, 20:29
Полицейлер жаяу жүргіншілер жолындағы самокаттарды арнайы тұраққа әкетіп жатыр
09.09.2025, 20:28
Сарапшы: Бір палаталы Парламентке көшу– көппартиялы жүйені дамытуға мүмкіндік
09.09.2025, 20:26
Жол апатын азайту мақсатында заңға түзетулер енгізіледі
09.09.2025, 20:26
Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
09.09.2025, 20:22