Басты Жаңалықтар Атырауда полицей жанармай бекетінде өртенген көлікті сөндірді

Атырауда полицей жанармай бекетінде өртенген көлікті сөндірді

Атырауда полицей жанармай бекетінде өртенген көлікті сөндірді. Қаладағы жанармай құю бекеттерінің бірінде Ниссан маркалы автокөліктен өрт шыққан. Мұны түнгі ауысымнан шығып, үйіне қайтып бара жатқан Данияр Жәрдемғали байқап, дереу көмекке ұмтылған.

Жедел әрекет етіп, жанып жатқан көлікті итеріп, жанармай бекетінен аулақ шығарған. Одан соң өрт сөндіру құралымен жалынды ауыздықтады. Оқыс оқиғадан зардап шеккендер жоқ. Көлік иесі өрт сөндірушілер келгенге дейін жалынды сөндірген полицейге алғысын білдірді. 

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Бөлісу