Басты Жаңалықтар Атыраудағы полипропилен зауыты өнім көлемін арттырды

Атыраудағы полипропилен зауыты өнім көлемін арттырды

Былтыр 245 мың тонна өнім шығарған. Бұған дейін 8 түрлі өнім өндіретін кәсіпорын осы айда тағы 3-еуін өндіріске енгізбек. Өңірге жұмыс сапарымен барған Сенат депутаттары арнайы экономикалық аймақта болып, кәсіпорындардың жұмысымен танысты.

Әлібек Нәутиев, ҚР Парламенті сенатының депутаты:

КРІ-дың қазіргі жұмыс барысы, өздеріңіз білесіздер, әлі де өзінің толыққанды қуатына шыға алмай жатыр. Себебі көптеген кедергілер болып жатыр өнеркәсіптік. Екінші – мына жерде салынып жатқан газ конденсаты заутының құрылыс барысы. Ол да қажет. Себебі Қазақстанда қазір газдың қандай көлемде қажеттілігі бар екенін елдің бәрі жақсы біледі. Соның жұмыс барысын білу бағытында келдік.

Нұрсұлтан Нұрсейіт

Бөлісу