Жамбыл облысында ауыл халқы жаңа амбулаторияның игілігін көре алмай отыр
Жамбыл облысында ауыл тұрғындары жаңадан салынған амбулаторияның игілігін көре алмай отыр. Өйткені 370 млн теңге жұмсалған нысанның құрылысы біткенімен құжаты реттелмеген.
Қызыл жұлдыз ауылына барған Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова 60 адамға арналған медициналық мекеменің құрылысын көрді. Ел игілігіне ертерек беруді айтты. Былтыр сәуірде басталған амбулаторияның құрылысы 4 айда аяқталуы тиіс еді. Алайда мердігері жыл аяғына дейін созған. Желтоқсанда біткенімен, медициналық құралдарының құжаты жоқ. Салдарынан 5 мың тұрғыны бар ауыл халқы тозығы жеткен ескі емханаға барып жүр.
Гүлдара Нұрымова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Нысан, жабдықтар дайын. Енді осы жерге кіріп, жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. Бірақ құжат, лицензиясы бар - уақыт алады. Соның бәрін алған соң, бір-екі айда кіреді. Бірақ осы мерзімді қысқартуға барлық жағдай жасау керек деп ойлаймын. Енді біз де осыған көмектесуге дайынбыз.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды
09.09.2025, 20:34

Израиль Дохаға шабуыл жасады
09.09.2025, 20:33
Бір палаталы Парламенттік жүйе заң шығару процесін жеделдетеді
09.09.2025, 20:29
Электронды поштаның құпиясөзін ауыстыруға кеңес берілді
09.09.2025, 20:29
Полицейлер жаяу жүргіншілер жолындағы самокаттарды арнайы тұраққа әкетіп жатыр
09.09.2025, 20:28
Сарапшы: Бір палаталы Парламентке көшу– көппартиялы жүйені дамытуға мүмкіндік
09.09.2025, 20:26
Жол апатын азайту мақсатында заңға түзетулер енгізіледі
09.09.2025, 20:26
Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
09.09.2025, 20:22