Металлургия пеші бір сәтке тоқтамауы керек
Жаңа жылды жақындарымен емес жұмыста қарсы алатын жандардың бірі металлургтер. Ауыр өндірісте аянбай еңбек етіп келе жатқан мамандардың жұмысы қауіпті әрі ел экономикасы үшін маңызды. Сол себепті қандай да мереке болмасын, Домна пеші еш тоқтамауы керек.
Бұл мамандықты асқан жауапкершілікпен атқарып келе жатқан жандардың бірі - Әскерхан Қабайұлы. Ол төрт баланың әкесі. Алып комбинаттың жүрегіне айналған алпауыт пештердің үздіксіз жұмыс істеуіне жауап береді. Ал ондағы температура 1300-1400 градус. Сондықтан жұмыс істеу қиынның қиыны. Сонда да еш аянбай еңбек етіп келе жатқан мамандық иелері құрметке лайық. Металлург мәртебесі биік мамандық.
Әскерхан Қабайұлы, металлург:
Бізде бүгін сменамыз жаңа жылдық күнге түсті. Қандай жағдай болмасын біз жұмыста болуымыз керек. Пешті тоқтатуға болмайды, жұмыс тоқтамауы керек. Өте маңызды жұмыс. Осы келіп жатқан жаңа жылдарыңызбен. Жаңа табысқа жете берейік. Менімен бірге жұмыста отырған жігіттер жаңа жыл құтты болсын.
Жандос Бақытұлы
Автор
Жандос Бақытұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды
09.09.2025, 20:34

Израиль Дохаға шабуыл жасады
09.09.2025, 20:33
Бір палаталы Парламенттік жүйе заң шығару процесін жеделдетеді
09.09.2025, 20:29
Электронды поштаның құпиясөзін ауыстыруға кеңес берілді
09.09.2025, 20:29
Полицейлер жаяу жүргіншілер жолындағы самокаттарды арнайы тұраққа әкетіп жатыр
09.09.2025, 20:28
Сарапшы: Бір палаталы Парламентке көшу– көппартиялы жүйені дамытуға мүмкіндік
09.09.2025, 20:26
Жол апатын азайту мақсатында заңға түзетулер енгізіледі
09.09.2025, 20:26
Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
09.09.2025, 20:22