Шығыста биыл 2 200 тонна балық еті өңделді
Шығыста биыл 2 200 тонна балық еті өңделді. Дайын өнім негізінен Еуропаға экспортталды. Өңірде осы саланы өркендету үшін асыл тұқымды балық шаруашылықтары құрылып жатыр. Жалпы, аймақта балық өсіріп, етін өңдеуді 2030 жылға дейін 10 мың тонна жеткізуді көздеп отыр.
Үшкүндік сазан балығының дернәсілдері. Осындай масадай болады да, күзде алақандай қылып өсіреміз.
Алқандай болып өскенге дейін мамандар арпалысып жұмыс істейді. Өйткені уылдырықтан дернәсіл одан шабақ шығару өте күрделі құбылыс. Соңғы 5 жылда бұл шаруашылықта балық өсірудің ғылми жобасы жасалды.
Гүлдана Маратова, балық шаруашылығы орталығының ғылыми қызметкері:
Ақ амур балығын негізі қолдан өсіру қиын. Практикада көп қолданылмаған. Бірақ біз шаруашылықпен бірілесіп сол практиканы жасап енгізіп жатырмыз.
Биыл жазда алғаш рет Ертіске бекіренің 500 шабағы жіберілді. Ал Зайсан мен Бұқтырма су қоймасына сазан, ақ амур және шортан балықтарының шабағы соңғы 4 жылда үздіксіз жіберіліп келеді.
Сымбат Әнуарбеков, уылдырық өсіру шаруашылығының директоры:
Енді қазіргі кезде біздің қуаттылығымыз 5 миллионнан жоғары. Ары қарай қуаттылығымызды 13 миллионға дейін балық шабақтарын өсіруге болады. Қазіргі күні Зайсан көліне ақ амур балығын жіберіп жатырмыз. 163 мыңнан жоғары.
Үкімет балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған бағдарламасын бекітті. Соған сәйкес шығыста 2030 жылға дейін 9774 тонна тауарлы балық өсіру жоспарланған. 8578 тонна – форел,1151 тонна – тұқы, 45 тонна бекіре. Қазір облыста 16 балық шаруашылығы бар.
Ермек Көшербаев, облыс әкімі:
Өңірде 16 балық шрауашылығы 2200 тонна өнім өндіреді. Республикада төртінші орын алып отырмыз. Бұл көрсеткіш 2030 жылға дейін 10 мың тоннаға дейін ұлғайту жоспарланған.
Жыл сайын өңірдегі өзен-көлдерден 2-3 мың тонна балық ауланып, 50 пайызы өңделеді. Қазір облыста балық етін өңдейтін 4-5 зауыт бар. Олар жыл сайын бес жүзден тоннадан астам өңделген балық етін Еуропаға экспорттайды.
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
