Басты Жаңалықтар Таразда «Лекки» атты иісшіл ит еліміз бойынша есірткі табуда рекорд орнатты

Таразда «Лекки» атты иісшіл ит еліміз бойынша есірткі табуда рекорд орнатты

Таразда «Лекки» атты иісшіл ит еліміз бойынша есірткі табуда рекорд орнатты. Ол бір жыл ішінде күдіктілер жасырған 105 келіге жуық марихуананы анықтады.

Осылайша белгиялық овчарка Қазақстандағы үздік үш иттің қатарына қосылды. Лекки 20 қылмысты ашуға септесіп, 70-ге жуық жедел шараға қатысқан. Полиция департаментінің кинологиялық орталығына күшік кезінде алынды.

Айта кетейік, еліміз бойынша ең үлкен кинологиялық орталық Тараз қаласында. Онда түрлі тұқымдағы 44 ит бар. Биыл олардың көмегімен 6 тонна есірткі тәркіленіп, 500-ге жуық қылмыс ашылды.

Ержан Көпеков, кинолог:

Мінезі жақсы, айтқанның бәрін орындайды. Былғары сөмкенің үстіне май жағып тастаған күндер болған. Машинаның майы ғой, сондайды жағып тастаған жағдай да болған. Сол кезде де есірткіні тапқан. Тіс пастасын ағызып, жағып тастаған кездер болған. Сол кезде де іздеген, тапқан. 2 айлық кезінен бастап баптаймыз, бір жылдың ішінде арнайы жұмысқа дайын болады. 
Данияр Әлімқұл

Бөлісу