Басты Жаңалықтар Ұшақ апаты: Ауруханадағы 3 әзербайжандық еліне оралды

Ұшақ апаты: Ауруханадағы 3 әзербайжандық еліне оралды

Маңғыстаулықтар ұшақ апатынан зардап шеккен Әзербайжан елінің үш азаматын шығарып салды. Оларды алып кетуге сол елдің арнайы мамандары мен туыстары келді. Науқастардың жағдайы ұшақта да білікті дәрігерлердің бақылауында болады. Еске салсақ, кеше Қырғыз елінің 3 азаматы еліне оралған еді.

Исмайл Әлиев, әзербайжандық дәрігер:

Жерлестеріміздің жағдайы әзірше ауыр. Елге аман-есен жеткеннен кейін орталық клиникаға жатқызамыз. Сол жерден емін жалғастырады. Қазақстандық дәрігерлер зардап шеккендерге өте жоғары деңгейде қызмет көрсетті. Бүкіл Әзербайжан халқының атынан тағы да рақмет айтамыз.

 Бразилияда қара жәшіктерді оқуға әзербайжандық сарапшылар да қатысады

Ал Бразилияға жіберілген қара жәшіктерді ашып, зерттеуге әзербайжандық сарапшылар да қатысады. Бұл туралы Әзербайжанның Цифрлық даму және көлік министрлігіне сілтеме жасай отырып Тренд ақпарат агенттігі хабарлады. CENIPA-ға қара жәшіктерді жеткізу және оқу процесі Әзербайжан сарапшыларының тікелей сүйемелдеуімен және тікелей қатысуымен жүзеге асады.

Нұрсұлтан Нұрсейіт


Бөлісу