6 млн-ға жуық адам елімізді қоқыстан тазартып, миллион түп ағаш отырғызуға ат салысты. Бұл биыл наурызда қолған алынған «Таза Қазақстан» экологиялық акциясының нәтижесі. Ал жиналған қоқыстың біраз бөлігі қайта өңделіп, он мыңдаған заңсыз қоқыс полигондары жойылды. Республикалық акцияның қорытындысы жайлы тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес тарқатып айтады.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Міне осыдай азғантай ғана қоқыс жинала берсе үйіндіге айналып, қаланың, елдімекеннің көркін кетіреді. Сөзіме айқын дәлел, биыл «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында волонтер мен белсенді азаматтар еліміз бойынша 1 млн тоннадан астам қоқыс жинаған.
Наурыз айында басталған республикалық науқанға 6 млн-ға жуық адам ат алысты. Олар елдің түгел өңірін қамтып, қалалар мен елдімекендер, сондай-ақ туристік аймақтарды қоқыстан тазартты.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Эколоиялық акция аясында жиналған 1 млн 100 мың тонна қоқыстың барлығы бірдей полигондарға шығарылған жоқ. Оның 30 пайызға жуығы міне мынадай кәсіпорындарда қайта өңделіп жатыр. Мұнда көріп тұрғандарыңыздай шыны, пластик, қағаз бен полиэтилен бар. Бұлардың барлығын дұрыстап өңдесе бір емес тағы бірнеше рет кәдеге жарайды.
Шасалин Шагалинов, кәсіпкер:
Қазақстанда жылына 100 мың тонна пластик өнімдер қоқысқа тасталады. Барлығымызға мәлім олардың ыдырауына кем дегенде 200 жыл керек. Экологияға залал келтірмеудің жалғыз жолы оларды қайта өңдеу. Біз күніне 500 келі пластикті пен шыныны ұнтақтап, дайын өнім шығаратын кәсіпорындарға тапсырамыз. Олар одан синтетикалық жіп, бөтелкелер, линолеум, синтепон жасайды.
«Таза Қазақстан» акциясына түрлі сала мамандары, студенттер тіпті, мектеп оқушылары қатысты. Олар көңіл көтерер ойындар мен логикалық жарыстар ұйымдастыра жүре экологиялық ахуалды жақсартуға қолқабыс етті. Сондай-ақ әлеуметтік мәселелерде де белсенділік тынытты.
Мерей Қалел, волонтер:
Біз экологиялық ахуалды жақсартып қана қоймай, әлеуметтік жағынан да көмектесеміз. Мәселен мұқтаж жандарға, қарияларға аулаларын жинауға, ағаш отырғызуға, қар күреуге көмектесеміз. Сонымен қатар біз спорттық іс-шаралардан кейін қоқыстарды жинаймыз.
9 айда республика бойынша 1 млн 600 мың түп ағаш отырғызылды. Мыңдаған заңсыз қоқыс полигондары жойылды.
Жазира Жаһанова, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі комитетінің бас сарапшысы:
2024 жылы республика бойынша ғарыштық мониторинг арқылы 4 892 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды. Олардың 4 299-ы немесе 88 пайызы жойылды.
Тиісінше экологиялық нормаларды бұзғаны үшін 159 лауазымды тұлға, нақтырақ айтсақ 60 аудан және қаланың әкімі мен орынбасары жауапқа тартылды. «Таза Қазақстан» акциясының тағы бір жаңалшылдығы ол – TazaQazBot телеграм чатының іске қосылуы. Аталған чатқа шілде айынан бастап 7 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Өтініштердің басым бөлігі аумақтарды жарықтандыру, абаттандыру, тазалау, көгалдандыру мәслелеріне қатысты тұрғындардан келген.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
«Таза Қазақстан» акциясы әлі жалғасып жатыр. Науқан 2029 жылға дейін жоспарланған. Экологтардың айтуынша, келер жылы челленджге қатысатындар саны биылғыданда көп болуы мүмкін. Өйткені, елімізде экологиялық мәдениет қалыптасып келеді.
Нұрсұлтан Тілектес