ҚМДБ Бас Мүфтиін сайлады
Наурызбай қажы Тағанұлы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төрағасы, Бас мүфти лауазымына қайта сайланды. Бұл Астанада өткен Қазақстан мұсылмандарының Х Құрылтайында белгілі болды. Шараға қатысқан 300-ге жуық делегат Наурызбай Өтпеновтың кандидатурасын бірауыздан қолдап, дауыс берді. Наурызбай қажы Тағанұлы осы лауазымға екінші рет сайланып отыр. Ол бұл қызметке 2020 жылдың 7 ақпанында келді. Еліміздің бас мүфтиі жамағаттың сенімін абыроймен атқаруға барын салатынын жеткізді. Сондай-ақ, келесі жылы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының дербес мүфтият болып құрылғанына 35 жыл толуына байланысты көптеген игі істер қолға алынады, деді.
Наурызбай Қажы Тағанұлы, ҚМДБ төрағасы, Бас Мүфти:
Үлкен аманат және жауапкершілігі жоғары қызмет. Алдағы біздің үлкен мән беріп отырған қызметіміз аясында біздің ниетіміз келесі 2025 жылды «Ислам және отбасы құндылығы жылы» деп жарияламақшымыз. Қазір өкінішке қарай, отбасының ажырасу мәселесі көп біздің қоғамда. Осы бағыттарда біз жұмысымызды белсенді жүргізуге тырысамыз.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да 59 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етеді
11.09.2025, 20:28

Экономиканы әртараптандыру: Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартылады
11.09.2025, 20:26
Биыл еліміздің мектептерінде ЖИ-ді үйрету бойынша қосымша сабақтар енгізілді
11.09.2025, 20:25
Өскеменде оқу бағдарламасы толық цифрлы жүйеге көшті
11.09.2025, 20:21
Халық бір палаталы Парламенттің тиімді, үнемді болатынына үмітті
11.09.2025, 20:21
Алматыға жарты жылда млн-нан аса турист келген
11.09.2025, 20:19
Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін 19 жоба жүзеге асырылмақ
11.09.2025, 20:19
«Qazaq Digital Mektebi» жобасы білім сапасын арттырады
11.09.2025, 20:17