Жамбыл облысында 140 адамға жарты жыл бойы негізсіз жалақы төленген
Жамбыл облысында қоғамдық жұмысқа тартылды деп 140 жұмысшыға 6 ай бойы жалақы төленіп келген.
Мұны сыйбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің мамандары еріктілер арқылы анықтады. 40-қа жуық жеке кәсіпкер таныстарын «Еңбек мобильді орталықтарына» жұмыссыз ретінде тіркеген. Сөйтіп олар субсидияланатын жұмыс орындарынан айлық алып отырған. Тексерістен кейін еңбек шарты бұзылып, 73 млн теңге қазынаға қайтарылды.
Ербол Бақтықожаев, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі облыстық департаментінің басқарма басшысы:
Аталған дерек бойынша департамент тарапынан ұсыныс енгізіп, болашақта жол бермеу туралы хабарламалар берілгенін мәлімдейміз. Еңбек шарты жасалған кәсіпкерлер болсын, заңды тұлғалар болсын бірге бақылау жүргізу туралы жоспарлануда. Бақылау болашақта күшеймек.
Екі ауылға су құбырын тартқан мердігер 79 млн теңге жымқырған
Ал Павлодар облысында екі ауылға су құбырын тартқан мердігер 79 млн теңгені қалтаға басқан. Прокуратураның мәліметінше , серіктестік су таруға қажетті жабдықтардың құнын көтеріп жіберген. Құрылыс-монтаж жұмыстарының құны нарықтағы бағаға сәйкес болмай шыққан. Бір қызығы прокуратураның бұлтартпас деректеріне қарамастан өңірлік сот мердігерді ақтап шыққан.
Данияр Әлімқұл
Автор
Данияр Әлімқұл
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды
09.09.2025, 20:34

Израиль Дохаға шабуыл жасады
09.09.2025, 20:33
Бір палаталы Парламенттік жүйе заң шығару процесін жеделдетеді
09.09.2025, 20:29
Электронды поштаның құпиясөзін ауыстыруға кеңес берілді
09.09.2025, 20:29
Полицейлер жаяу жүргіншілер жолындағы самокаттарды арнайы тұраққа әкетіп жатыр
09.09.2025, 20:28
Сарапшы: Бір палаталы Парламентке көшу– көппартиялы жүйені дамытуға мүмкіндік
09.09.2025, 20:26
Жол апатын азайту мақсатында заңға түзетулер енгізіледі
09.09.2025, 20:26
Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
09.09.2025, 20:22