СҚО-да астан уланып қайтыс болған екі баланың анасы әділдік іздеп жүр
Солтүстік Қазақстан облысында астан уланып бір күнде екі баласы қайтыс болған әйел бас прокуратураға шағымданды.
Қайғылы оқиға маусым айында Қызылжар ауданындағы Надежка ауылында тіркелген еді. Отбасы кешкі асқа дүкеннен тұшпара мен шұжық алып жеп, 3 және 6 жастағы балалар қайтыс болды.
Анасы мен үйдің тұңғышы ауруханада емделіп шықты. Сараптама балалардың тағам құрамындағы нитраттан уланғанын көрсетті. Екі кісінің өліміне қатысты іс қозғалып, алайда қылмыстық құрамы жоқ деген себеппен қазан айында жабылған. Одан кейін міндетін тиісті деңгейде орындамағаны үшін медбикеге қатысты іс қозғалып, тергеу әлі жүріп жатыр.
Галина Коваленко, Надежда ауылының тұрғыны:
Балалардың тамақтан уланғаны дәлелденді. Жарты жылдан артық уақыт өтсе де, ешкім жазаланған жоқ. Мен екі баламнан айырылдым. Ал айыптылар бостандықта жүр. Әділдік орнайды деген үмітпен Бас прокуратураға арыз жаздым.
Эльмира Кәленова
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды
09.09.2025, 20:34

Израиль Дохаға шабуыл жасады
09.09.2025, 20:33
Бір палаталы Парламенттік жүйе заң шығару процесін жеделдетеді
09.09.2025, 20:29
Электронды поштаның құпиясөзін ауыстыруға кеңес берілді
09.09.2025, 20:29
Полицейлер жаяу жүргіншілер жолындағы самокаттарды арнайы тұраққа әкетіп жатыр
09.09.2025, 20:28
Сарапшы: Бір палаталы Парламентке көшу– көппартиялы жүйені дамытуға мүмкіндік
09.09.2025, 20:26
Жол апатын азайту мақсатында заңға түзетулер енгізіледі
09.09.2025, 20:26
Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
09.09.2025, 20:22