Алматы облысында «Таза Қазақстан» науқанына 19 мың тұрғын белсене қатысқан
Алматы облысы Ұйғыр ауданында жыл басынан бері жалпы саны 40-қа жуық сенбілік ұйымдастырылып, 1 мың 300 тонна қоқыс жиналған. «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен іс-шараларға 19 мыңнан аса тұрғын белсене атсалысыпты. Аймақта осы экологиялық науқанға арналған қорытынды дөңгелек үстел өтті.
Жиынға ақсақалдар, этномәдени бірлестіктер, жастар мен қоғамдық ұйымдардың мүшелері қатысты. Мұнда табиғатты қорғау, өскелең ұрпаққа үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу, қоршаған ортаны сақтау мәселелері талқыланды.
Ербол Нұрсейітов, Ұйғыр ауданы ардагерлері кеңесінің төрағасы:
Бұл акцияға ауданымызда тұрып жатқан 14 елдімекендегі адамдар, сондай-ақ аудан орталығы Шонжы ауылында тұрып жатқан кәсіпорын мекеме басшылары, сонда істеп жатқан қызметкерлер, белсенді жұртшылық қатысуда. Алдағы уақытта да осы акцияны қолдайды деген үміттемін.
Ернұр Медет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: 6 спортшымыз келесі кезеңге өтті
11.09.2025, 10:21

Таза қала – бәрімізге ортақ жауапкершілік
11.09.2025, 10:20
Жолдау: Жасанды интеллект – жаһандық бәсекенің жаңа алаңы
11.09.2025, 10:18
Қандастар: Атажұрттағы әр жетістікке қуанамыз
11.09.2025, 10:14
Астанада «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында 23 мектеп бой көтерді
11.09.2025, 10:13
«Ауыл» партиясы Президент Жолдауына қолдау білдірді
11.09.2025, 10:11
Цифрландыру – заман талабы
11.09.2025, 10:08
Францияда 200 мың адам қатысқан шеру өтті
11.09.2025, 10:08