Спорт саласының үздіктері белгілі болды. Туризм және спорт министрлігінің жыл сайынғы дәстүрлі шарасы биыл 20 аталым бойынша өтті. Жеңімпаздарға арнайы мүсінше, диплом мен миллион теңге қаржылай сыйлық табысталды. Толығырақ шараға қатысып қайтқан әріптесім Асылбек Данияр айтады.
Асылбек Данияр, тілші:
«Үздік-2024» сыйлығы тек спортшыларды ғана емес олардың бапкерлерін, федерацияны қамтиды. Жылдың қорытынды шарасында елдімекендердегі үздік жаттықтырушылар, спортты дамытуға үлес қосқан меценаттар да құрметке ие болды. Жеңімпаздардың арасында Олимпиада, Паралимпиада, Азия және Әлем біріншілігінің жеңімпаздары да бар.
Мәселен, дзюдодан Олимпиада чемпионы Елдос Сметов мен Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы Давид Дегтярёв – «Жылдың үздік спортшысы» атанды.
Айтпақшы, бүгін Давид отау құрып жатыр екен. «Спорттағы үздік серпін» Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбекке бұйырды. Ал «Жылдың үздік жаттықтырушысы» аталамымен Сметовтың бапкері Ғалымжан Жылгелдиев пен Давид Дегтярёвтың бапкері Юрий Колесников марапатталды.
Сондай-ақ, шара барысында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы «Үздік спорт журналистері» байқауының жеңімпаздары 3 номинация бойынша анықталды.
Асылбек Данияр