Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені ашылды
Түркістанда Бекзат Саттарханов атындағы спорт кешені ашылды. Онда жеткіншектер бокс, қазақ күресі, грек-рим сияқты спорттың ондаған түрімен айналыса алады. Яғни жаңа орталықта күрес, таеквондо, каратэ, үстел теннисі жаттығу залдары бар. Республикалық және халықаралық жарыстарды өткізіп, балалар спортын дамытуға мүмкіндік мол. 300-ден астам жанкүйер сиятын көрермен залы, жаттығу орындарымен қамтылған.
Кешеннің ашылу салтанатында Бекзаттың анасы Сырлыкүл Саттарханова сөз сөйлеп, игі іске мұрындық болған азаматтарға алғысын жеткізді. Өзінің ұлындай чемпиондар шығатынына сенім білдірді. Жаңа нысанның құрылысына 2,7 млрд теңге жұмсалған.
Бақтияр Артаев, Олимпиада чемпионы:
Еліміздің елдігін көрсетіп, осындай батырларымыздың атынан үлкен сарай соғылып жатыр. Осы жерден талай Бекзаттар шығады деген сенімдемін, білемін. Осы тұрған жігіттердің барлығы соған лайықты.
Айнұр Әбілқасымқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ауғанстанда зілзаладан кейін мыңдаған адам далада түнеуге мәжбүр
12.09.2025, 19:57

Америкалықтар 11 қыркүйек құрбандарын еске алды
12.09.2025, 19:57
«Respublica» партиясы: Президент Жолдауы бизнестің жол картасына айналуда
12.09.2025, 19:53
Каспий теңізінің тартылуы балықшылардың кәсібіне қиындық келтіруде
12.09.2025, 19:53
Шымкентте жүрек ауруларын зерттейтін жаңа орталық ашылды
12.09.2025, 19:49
Непалда уақытша премьер-министр тағайындалмақ
12.09.2025, 19:49
Редакция алқасы Қазақстан тарихының ІІ томын басып шығаруға әзірлеу үшін бекітті
12.09.2025, 19:48
Шетелдік сарапшылар: Реформалар өз нәтижесін беруі тиіс
12.09.2025, 19:47