ШҚО-да орманшылар күшейтілген жұмыс кестесіне көшті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

ШҚО-да орманшылар күшейтілген жұмыс кестесіне көшті

20.12.2024

Шығыста орманға күзет күшейді. Өйткені жаңа жыл жақындағанда шыршаны заңсыз кесіп пайда көргісі келетіндер көбейеді. Сондықтан арнайы бекеттер ашылып, жердегі күзетпен қоса, көктен тікұшақпен барлау жасалып жатыр. Орманшылар арнайы техника да жұмылдырды. Тарханка орман шаруашылығы 35 мың гектарды алып жатыр. Өскеменге жақын болған соң браконьерлердің көзі жиі түседі. Бұл аумақты 24 орманшы қадағалайды. Стационарлық бекеттен бөлек мобильді топтар да жұмыс істейді. Табиғатты қорғау инспекторларының күшейтілген жұмысының нәтжесінде былтырдан бері заңсыз шырша кесу дерегі тіркелмеген. Бірақ браконьерлер 2023 жылы 2 мың текше метр тал-терек сияқты ағашты отап кеткен.

Нұрлан Сәттібаев, «Өскемен орман шаруашылығы» КММ бас инженері:

Күндіз-түні кезекшілік ұйымдастырылды. Келген-кеткендерге үгіт-насихат жұмыстарын жүргіземіз және оларға парақшалар таратамыз. Осы күнге дейін жас қылқан ағаштарын кескен адамдар ұсталған жоқ. Ұсталған жағдайда ҚР ҚК 340-бабы бойынша қылмыстық жауапқа тартылады.

Олжас Керейхан

Хабарламаларға жазылу