Басты Жаңалықтар Қарағанды облысында биыл 3 триллион теңгенің өнімі өндірілді

Қарағанды облысында биыл 3 триллион теңгенің өнімі өндірілді

Қарағанды облысында биыл 3 триллион теңгенің өнімі өндірілді. Осылайша өткен жылмен салыстырғанда облыс экономикасына құйылған инвестиция 15 пайызға артқан. Онымен қоса жыл соңында 10 ірі жоба жүзеге асып, бірнеше мың адам жұмыспен қамтылмақ.

Бұл ерекше балаларды дамыту орталығы әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында ашылған. Ол үшін мемлекеттік қолдаумен кәсіпкерге 5 миллион теңге грант берілген. Мұнда ерекше балалардың дамуына психолог, логопед, тютор сынды 14 маман қызмет көрсетеді.

Гүлзат Алдабергенова, «Ozim» ерекше балаларды дамыту орталығының тютор маманы:

Түске дейін 10 шақты бала, түстен кейін 10 шақты бала келеді. Бұл центрда балалар болашақта толыққанды қоғамға өзін көрсете алатындай бейімделеді.

Әлеуметтік бизнес жобаларды қолдау мақсатында кәсіпкерлерге 5 миллион теңгенің грант берілді. Бұған қоса үстемесі 7 пайыздық несие мен кепілдік үшін мемлекеттік қолдау көрсетілді. Соның арқасында биыл маңызды 13 кәсіпкерлік нысан ашылды. Облыста 102 мыңнан астам кәсіпкер бар. Олардың өндіретін өнімі де көбейген.

Абзал Рахымбаев, Облыстық кәсіпкерлік басқармасы басшысының орынбасары:

Жылдың аяғына дейін бұл көрсеткіш 3,2 трилионды құрайды деп жоспарлап отырмыз. Бұл жерде айта кету керек, біздің Қарағанды индустриалды өңір. Бұл жерде үлкен «QARMET», «Қазақмыс» компаниялары бар. Біздің шағын кәсіпкерлер шығаратын өнім осы үлкен компаниялардың өніміне пара пар деп айтуға болады.

Статистика бюросы дайындаған сараптама бойынша Қарағанды облысы ел көлемінде экономикасы жақсы дамып келе жатқан өңірлер арасында үштікке кірген. Онымен қоса құрылыс саласының да қарқыны жоғары.

Абылай Смағұлов, Облыстық құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының орынбасары:

Биыл облыс төңірегінде 3 мектеп іске қосылған болатын. Ол жайлы мектеп Қарағанды қаласында, сосын мемлекеттік бюджет есебінен 600 орындық Күнгей ауданындағы мектеп. Былтырдан бері денсаулық сақтау бағдарламасы бойынша медициналық пунктердің құрылысы жоспарланған. Биыл 17 нысан іске қосылған болатын. Жылдың соңына дейін тағы да 9 нысан іске қосылады.

Биыл 10 айда 424 мың шаршы метр тұрғын үй салынған. Жыл соңына дейін 1500 отбасы баспаналы болады. Ауыл шаруашылығы да - өңір экономикасының күретамыры. Биыл қарағандылық диқандар 1 миллион 300 мың тонна астық жинап, рекорд орнатты.

Жандос Бақытұлы

Бөлісу