Басты Жаңалықтар Honda мен Nissan бірлесіп холдинг құрады

Honda мен Nissan бірлесіп холдинг құрады

Жапонияның Honda және Nissan компаниялары бірігіп, холдинг құру мәселесін талқылап жатыр. Мұны Никкей газеті хабарлады.

Оның дерегінше, Күн Шығыс елінің нөмірі 2-ші және 3-ші көлік жасаушылары мұндай қадамға Қытай мен Тэсла тарапынан күшейген бәсекелестікке төтеп беру үшін бармақ.

Сонымен қатар қос концерн технология саласында өзара ынтымағын күшейтіп, ішкі нарықта Тойотадан озуды көздеп отыр. Honda мен Nissan біртұтас компанияға айнала ма, жоқ па, ол жағы белгісіз. Дегенмен Никкейдің өзге бір дерегінше, олардың арасында қосылу жайлы келіссөздер басталып кеткен тәрізді.

Арыстан Рысбек


Бөлісу