Экологияны қорғайтын «Өскемен тынысы» бюросы құрылатын болды
Шығыс Қазақстан облысында «Өскемен тынысы» деп аталатын экологиялық бағытта жұмыс істейтін арнайы бюро құрылады. Жаңа ұйым қаланың ауасына қатысты қордаланған мәселені шешумен шұғылданады. Оның құрамына қарапайым тұрғындардан бастап құзырлы орган өкілдері кіреді. Қаладағы әр ауданда арнайы құрылғылар орнатып, сол арқылы экоахуалға тұрақты мониторинг жасалады. Кәсіпорындардағы сүзгілердің уақытылы ауыстырылуын да қадағалайтын болады. Ал ауаны ластап, тіпті тұрғындардың денсаулығына нұқсан келтіретін зиянды затты шектен шығаратын кәсіпорын анықталса, жетекшілері жауапкершілікке тартылуы мүмкін.
Дәулет Асанов, эколог:
«Қазгидромет» алдын ала айтады, ертеңнен бастап бізде қолайсыз жағдай орнайды дейді. Кәсіпорындарға алдын ала өнімділігін түсіру. Оны жеке өндірістік қауіпсіздікті шақырып, мониторинг жасау. Жай ғана телефоннан сұрай салмай, барып, қарап, мониторларынан тексеріп отыру керек. Олардың өндірістік көрсеткіштерінің бәрі теледидарға шығып тұрады.
Олжас Керейхан
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды
09.09.2025, 20:34

Израиль Дохаға шабуыл жасады
09.09.2025, 20:33
Бір палаталы Парламенттік жүйе заң шығару процесін жеделдетеді
09.09.2025, 20:29
Электронды поштаның құпиясөзін ауыстыруға кеңес берілді
09.09.2025, 20:29
Полицейлер жаяу жүргіншілер жолындағы самокаттарды арнайы тұраққа әкетіп жатыр
09.09.2025, 20:28
Сарапшы: Бір палаталы Парламентке көшу– көппартиялы жүйені дамытуға мүмкіндік
09.09.2025, 20:26
Жол апатын азайту мақсатында заңға түзетулер енгізіледі
09.09.2025, 20:26
Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
09.09.2025, 20:22