Астанада Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының кезекті сессиясы өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының кезекті сессиясы өтті

01.12.2024

Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымының Астанада кезекті сессиясы да өткені мәлім. Биыл Қазақстан төрағалық еткен, сондықтан жыл қорытындысы Астанада шығарылады, әрине.

Бұл ұйымнан түпкілікті шығып кеткен жоқ, бірақ соңғы кезде Армения басшысы қатыспайтын болған. Әзербайжанмен соғысында қолдау көрмегендіктен... Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан басшылары келді, ресейлік әріптесі онсыз да Астанада еді.

Астана саммитінде тәжік-ауған шекарасын нығайту жөніндегі ҰҚШҰ-ның мақсатты мемлекетаралық бағдарламасы бекітілді. Нақты детальдары баяндалмады.

Сонымен қатар президенттер Ұлы Жеңістің 80 жылдығына байланысты мәлімдеме қабылдап, келесі жылы осыған орай ұйымдастырылатын іс-шаралардың жоспарын бекітті. Фашизмді жеңген әлем үшін ол жеңіс рас - Ұлы жеңіс.

Ұйымға төрағалық ету эстафетасын Қырғыз республикасы алды. Садыр Жапаров келесі жылы Бішкекте Киберқауіпсіздік бойынша халықаралық конференция өткізуді жоспарлапты.

Толығырақ Шерхан Жамбылұлының материалында.


Хабарламаларға жазылу