Құм алқаптарының көшуіне тал-дарақ тосқауыл болады. Осы мақсатта жамбылдық орманшылар «Таза Қазақстан» экологиялық акциясына атсалысты.
Аймақтағы мыңнан аса қызметкер күз келгелі ағаш отырғызуда аянып қалмауда. Бүгінге дейін 5,5 мыңнан аса ағаш екті. Олардың дені аз уақытта жерсінетін арша, қара ағаш пен терек көшеттері. Жалпы Жамбыл жерінің орманды алқабы 4,5 миллион гектарға жуықтайды.
Президент өз жолдауында өңір бойынша 2021-2027 жылдары 140 млн көшет отырғызуға тапсырма берді. 4 жыл ішінде оның 94 миллионы егіліп, жоспардың 67 пайызы орындалды. Ал ауылдарды көгалдандыру және жасыл аймақ құру жоспары 5 жылға жасалған. Ол бойынша алда 1 млн түп тал егілмек.
Нұрсұлтан Нұрғали, Жамбыл облыстық орман шаруашылығы аумақтық инспекциясының маманы:
2024 жылы көшет егілетін 8 719 гектар жоспарланып, көктемде 4 700 гектар алқабы орындалды. Қалған алқаптарда тал еуг күз айларында орындалып жатыр. Күзгі түгендеу қорытындысына сәйкес бір жылдық екпелердің орташа шығымдылығы 60 пайыз болды.
Данияр Әлімқұл