Жамбыл облысындағы петроглифтер қорғалатын болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жамбыл облысындағы петроглифтер қорғалатын болды

22.11.2024

Жамбыл облысында қараусыз қалған тастағы таңбалар қорғауға алынды. Аймақ бойынша алғаш рет қолға алынған бастама Байзақ ауданы, Ботамойнақ тауынан басталды.

Енді Қарасай шатқалындағы 500-ден астам петроглиф мемлекет бақылауында болады. Жартастағы жазулар біздің заманымызға дейін 5 мың жыл бұрын пайда болған. «Бұл оңтүстік аймақтарға ортақ мәдениеттің таралу деңгейін көрсетеді» дейді зерттеушілер. Тастағы тарихи таңбалар арқылы аңдардың бейнесі мен аңшылық тәсілдерін көруге болады. Қазір туристер үшін таңбаларды таныстыратын тақтайша ілініп, тынығу орны жасалған. Сондай-ақ шатқалға шығатын баспалдақ бар. Осылайша бейнелі жартас ашық аспан астындағы музейге айналып отыр.

Айта кетейік, аймақта петроглифтері бар тарихи нысан саны жүзге жуықтайды.

Досбол Байғұнақов, тарих ғылымдарының докторы, профессор:

Одан да анықталмағаны әлі жеткілікті. Келешектегі ізденістерде тағы да осындай орындардың ашылатындығына біз кәміл сенеміз. Қарасай петролгифтері қола, ерте темір дәуіріне жататын ескерткіштер. Осындағы суреттер арқылы олар өздерінің ішкі дүниесін, қоршаған ортаға деген көзқарасын, дүниетанымын жеткізуге тырысты.

Данияр Әлімқұл


Хабарламаларға жазылу