Министр бірыңғай уақыт белдеуінің елімізге әсері зерттелетінін хабарлады
Ғылым және жоғары білім министрі С.Нұрбек бірыңғай уақыт белдеуінің елімізге әсері зерттелетінін хабарлады. Денсаулық сақтау министрлігі тапсырыс берген. «Жоғары ғылыми-техникалық комиссияның отырысында талқыланады, егер мақұлдаса, байқау жариялаймыз, зерттеуді бастаймыз»- деген министр парламент қабырғасында.
Географиямен, адам физиологиясымен айналысатын бірнеше институт бірігіп істейтіні түсінікті. Бір уақыт белдеуіне көктемде көштік. Әсіресе шығыстағы және Алматы жұрты наразы екендерін тоқтамай айтып келеді. Тіпті ащы әзілдің небірін төкті.
Петиция да жариялады. Жоғары атқарушы билік бірден қорытынды шығаруға асықпау керек дейді. Аргументтер мен контраргументтерді ғылыми сарапқа салатын уақыт туған сияқты. Тек ол статистика деректері тәрізді жөткірінетіндей болмауы керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
БҚО-да 59 мыңнан астам кәсіпкер еңбек етеді
11.09.2025, 20:28

Экономиканы әртараптандыру: Өңдеу өнеркәсібіне инвестиция тартылады
11.09.2025, 20:26
Биыл еліміздің мектептерінде ЖИ-ді үйрету бойынша қосымша сабақтар енгізілді
11.09.2025, 20:25
Өскеменде оқу бағдарламасы толық цифрлы жүйеге көшті
11.09.2025, 20:21
Халық бір палаталы Парламенттің тиімді, үнемді болатынына үмітті
11.09.2025, 20:21
Алматыға жарты жылда млн-нан аса турист келген
11.09.2025, 20:19
Маңғыстауда туризм саласында 2029 жылға дейін 19 жоба жүзеге асырылмақ
11.09.2025, 20:19
«Qazaq Digital Mektebi» жобасы білім сапасын арттырады
11.09.2025, 20:17