Фастфуд пен стритфуд ыстық тамақтың орнын баса ала ма? - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Фастфуд пен стритфуд ыстық тамақтың орнын баса ала ма?

10.11.2024

Ыстық тамақтың орнына жүрек жалғай салу әдеті еніп келеді. Бизнес те соған икемделіп алған. Үлкен қалалардың тұрғындарына тән құбылыс. Дегенмен уақыт тапшылығынан туған бұл тенденцияның денсаулыққа, әсіресе өсіп жатқан бала организміне, сонымен бірге отбасы қарым-қатынасына қандай әсері болуы мүмкін?

Үйде буы бұрқырап тамақ істелмесе, дастарханға жиналмаса, отбасы мүшелерінің шүйіркелесе қоймайтыны рас. Жүрек жалғайтын пайдалы тағам бар ма? Жүрек жалғайтын тамақты снек дейді, қала тұрғындары қандай снек тұтынады?

Сол баяғы фастфуд пен стритфуд па? Ішкен сайын шөлдететін энергетик сусындар және бар. «Рэкетир» деген фильмде ойнап танылған Мұрат Бисембин есімді актер өзінің ұйқы безі рагіне ұшырағанын хабарлады. Жылдар бойы дұрыс тамақтанбай, энергетикалық сусындар мен қантсыз коланы көп ішкенінен көретінін айтқан, Youtube-те жарияланған сұхбатында.


Хабарламаларға жазылу