Басты Жаңалықтар Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасынан 155 жұмысшы эвакуацияланды

Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасынан 155 жұмысшы эвакуацияланды

Қарағанды облысындағы «Абай» шахтасы электр қуатынсыз қалып, 155 жұмысшы эвакуацияланды. Бұл жағдай бойынша кеше сағат 20:29-да кәсіпорынның орталық диспетчерлік басқармасына хабар түскен.

«Qarmet» өкілдерінің ақпараты бойынша, жарықтың өшуіне «Қарағанды Жарық» серіктестігінің №9 трансформаторлық станциясы жұмысын тоқтауы себеп болған. Қазір электр энергиясы қалпына келтірілген. Кәсіпорын қызметкерлерінің қауіпсіз түрде жұмысты қайта бастауы үшін, шахтаны тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, деліген хабарламада.

Асылбек Данияр

Бөлісу