Президент: Қазақ және моңғол халқы – Ұлы дала өркениетінің мұрагерлері
Президент сапары аясында Қазақстан мен Моңғолия 11 құжатқа қол қойды. Сонымен қатар стратегиялық серіктестік туралы декларация қабылданды.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Бұл Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Моңғолия еліне мемлекет басшысы ретіндегі алғашқы сапары. Сондықтан Президент бұған ерекше мән беретінін айтты. Бүгін салтанатты рәсімнен кейін қос елдің басшысы келіссөздер жүргізді. Оған екі жақтан да үлкен құрамдағы делегация қатысты. Мемлекет басшысы мәдени-гуманитарлық байланысты нығайтудың мән-маңызына тоқталып, Астанада өткен Дүниежүзілік көшпенділер ойынына қатысқаны үшін моңғол спортшыларына алғыс айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан моңғол студенттері үшін квота санын ұлғайтуға дайын екенін мәлімдеді. Сондай-ақ екі ел ғалымдарын ортақ бай тарихи мұрамызды бірлесе зерттеуге шақырды. Бұдан бөлек Президент экологиялық, тарихи, этнографиялық және экономикалық туризм бағыттарында бірлесе жұмыс істеуге мол мүмкіндік бар екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:
Моңғолия біздің Азиядағы маңызды серіктесіміз. Қазақ және моңғол халқы – Ұлы дала өркениетінің мұрагерлері. Ынтымақтастықты жаңа стратегиялық деңгейге көтеру екі елдің мүддесіне сай келеді. Біз моңғол халқына үлкен құрметпен қараймыз және Моңғолияның жетістігіне әрдайым қуанамыз.
Шерхан Жамбылұлы, тілші:
Президент өз сөзінде бүгінгі кездесу қазақ тарихында айрықша орын алатын Жошы ұлысының 800 жылдығымен тұспа-тұс келіп отырғанын, мұның екі халық үшін символдық мәні зор екенін айтты. Келіссөздер нәтижесі бойынша қол қойылған құжаттар ауыл шаруашылығы, цифрлық технологиялар, қазба байлықтарын игеру, мәдениет пен туризм салаларын қамтиды.
Автор
Шерхан Жамбылұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар астанасы Дохада Израиль билігі жасаған әскери акцияны айыптайды
09.09.2025, 20:34

Израиль Дохаға шабуыл жасады
09.09.2025, 20:33
Бір палаталы Парламенттік жүйе заң шығару процесін жеделдетеді
09.09.2025, 20:29
Электронды поштаның құпиясөзін ауыстыруға кеңес берілді
09.09.2025, 20:29
Полицейлер жаяу жүргіншілер жолындағы самокаттарды арнайы тұраққа әкетіп жатыр
09.09.2025, 20:28
Сарапшы: Бір палаталы Парламентке көшу– көппартиялы жүйені дамытуға мүмкіндік
09.09.2025, 20:26
Жол апатын азайту мақсатында заңға түзетулер енгізіледі
09.09.2025, 20:26
Мемлекеттік кеңесші Парламент Мәжілісіндегі фракциялардың жетекшілерімен кездесті
09.09.2025, 20:22