Елімізде егін ору науқаны аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елімізде егін ору науқаны аяқталды

23.10.2024
0:00:00
0:00:00

Елімізде күзгі егін ору науқаны аяқталды. Жиналған өнім жайы бүгін Үкімет отырысында талқыланды. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаровтың айтуынша биыл егістіктің орташа өнімділігі гектарына 16 центнер. Егін 23 миллион гектар аумаққа егілген еді. Күзгі жауын-шашынға қарамастан өнім шығынсыз жиналды дейді министр. Ал бастырылған астық көлемі 26 миллион тоннадан асады. Егіннің бітік шығуына қолайлы күн райы мен агротехнологияларды дұрыс пайдалану әсер еткен. Оның үстіне диқандар тұқыммен, отынмен және тыңайтқыштармен жеткілікті көлемде қамтамасыз етілген.

Ал Үкімет басшысы Олжас Бектенов дәстүрлі нарықтармен қатар жаңа елдерге де астық экспортын ұлғайту мәселесін пысықтауды тапсырды.

Олжас Бектенов, ҚР Премьер-министрі:

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша биыл көктемгі егіс, күзгі жиын-терін жұмыстарын уақытылы және сапалы жүргізу үшін қажетті шаралардың барлығы қабылданды. Атап айтқанда, саланы жеңілдікпен қаржыландыру көлемі алғаш рет рекордтық 580 млрд теңгеге жеткізілді. Келесі жылы қаржыландыру көлемін 700 млрд теңгеге дейін жеткізуді жоспарлап отырмыз.

Досжан Маратұлы

Хабарламаларға жазылу