«Легионер-спортшылардың жетістігі бүгін мерейіңді өсіргенмен, ертең абыройыңды асқақтатпайды». Мемлекет басшысы отандық спортты жүйелі түрде дамыту керектігін айтқан еді. Осыны негізге алған Мәжіліс депутаттары денешынықтыру және спорт туралы заңға өзгерістер енгізді. Оған сәйкес легионерлерге мемлекеттен жалақы беруге тыйым салынбақ. Бұл отандық спортқа қалай әсер етеді? Легионерлерді енді кім қаржыландырады? Тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес біліп көрді.
Осыған дейін Мәжіліс депуттары арнайы жұмыс тобын құрып, «Дене шықтыру және спорт туралы» заңға отандық спортқа құйылатын қаржыны реттейтін өзгерістер енгізген еді. Құжат әбден пысықталып, өткен апта Үкіметтің оң қорытындысын алды.
Нартай Сәрсенғалиев, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Мінекей соған сәйкес Дене шынықтыру және спорт туралы заңнаманың 49-бабына екі өзгеріс ұсындым. Мен сізге оқып берейін. «Қазақстан Республикасының азаматтары емес спортшыларды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салынады» деген норма бердім. Бірақ, бізде күмән болды. Иә, біз қаржыны тоқтатымыз бірақ, квазимемлекеттік ұйымдар бар ғой солар қражы бөлуді тоқтатпайды, олар ертең еселеп ақша бөлес ол бюджеттен тыс қаражат болып есептеледі, біз көрмей қалмаймыз деп екінші норманы ұсындым...
Екінші нормаға сәйкес, квазимемлекеттік ұйымдардың да легионерлердің жалақысына ақша бөлуіне тыйым салынады. Мәжіліс депутаттарының бұл бастамасын спорт сарапшылары да қолдап отыр.
Телжан Күдеров, спорт тілшісі, сарапшы:
Жалпы легионер не үшін қажет?! Ол легионер белгілі бір спорт түрін, белгілі бір мемлекетте дамыту үшін қажет. Біздің елде сонау 2005 жылдан бері қарай ауыр атлетиканы дамытуға легионерлер шақырылды. Олар әлем чемпионаттарында, олимпиада ойындарында жүлде алды дегенменде кейін допинг дауына ілігіп, медальдары кейін қайтарылды. Міне, осы тұста ғана бізге легионерлердің қажеті бар. Ал кейінен қазақ елі өз аяғына нық түрді. Нақты өзіміздің төл тумаларымыз өсіп шықты. Ал, бұста бізге легионерлердің қажеті жоқ.
Енді легионерлерді жалдайтын футбол, волейбол, баскетбол не хоккей клубы болсын олардың жалақыларын өздері ия болмаса демеушілер есебінен төлеуіне тура келеді. Сондай-ақ мәжілісмендер ұсынып отырған заң жобасында мемлекет тарапынан қаржыландырылатын спорт түрлерін 180-нен 60-қа дейін қысқарту көзделген. Яғни, шығынды үш есеге азайтып, тек әлемдік додаларда медаль әкелетін спорт түрлеріне көңіл бөлу қарастырылып отыр. Одан бөлек құжатта спорт федерацияларына да үлкен жауапкершілік жүкетеледі.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Енді федерациялардың аккредитация алу тәсілі де өзгереді. Олар алдымен 5 жылдық жоспарын ұсынуға міндеттеледі. Сондай-ақ федерация басшылары қызметінен кетерде барлық қаржылық кіріс-шығыстары мен қызметі туралы есеп береді. Ал легионердің жалақысынан бөлек, заңда олардың трансферіне де шектеу қою көзделген. Маңызды құжат Мәжілістің алдағы екі отырысында тағы пысықталып, Сенатқа жіберіледі.
Нұрсұлтан Тілектес