Депутат: «Инфосығандарды» бақылауға алу керек - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Депутат: «Инфосығандарды» бақылауға алу керек

16.10.2024

«Блогерлікті бопсалау құралына айналдырды». Бүгін мәжіліс отырысында депутат Жарқынбек Амантайұлы «инфосығандардан» халықты қорғау керек деді. Ол Үкімет басшысының орынбасары Тамара Дүйсеноваға жолдаған депутаттық сауалында бизнес-тренерлер мен коучтер үшін арнайы, кәсіби стандарттар қажет екенін жеткізді. Ол блогерлікті бопсалау мен қыспақтаудың құралы қылып, біреудің абыройын төгіп, сүрінгенін суреттеуді батырлыққа балап жүргендерді сынға алды. Мәжіліс депутаты өздерін блогермін дегендердің арасында аляқтықпен айналысып жүргендері де аз емес деді. Сапасы сын көтермейтін, күмәнді тауарларды саудалап, жарнамалап жүргендердің қатарында шоу бизнес өкілдері бар екеніне де тоқталды. Оның айтуынша, осындай инфобизнестің жылдық айналымы елімізде 500 млн АҚШ долларынан асып кетеді.

Жарқынбек Амантайұлы, Мәжіліс депутаты:

Болжам бойынша алдағы 5 жылда 2 миллард долларға жетуі мүмкін дейді. Айтпақшы, олар мемлекетке салық төлей ме өзі?! Тіпті «инфосығандардан» мезі болған жұртшылық оларға тыйым салу мақсатында 2023 жылдың 23 қарашасында петиция да жариялаған екен. Өкінішке қарай, сол қалпы қараусыз қалса керек. Былтыр Парламент Мәжілісінің қабырғасында «Онлайн платформа және онлайн жарнама» туралы заң жобасы қабылданды. Осы заңның әлі де болса орындалуы осал болып жатқандығын көріп отырмыз.

Нұрсұлтан Тілектес

Хабарламаларға жазылу