Қазақстан мен Арменияның қатынасы талқыланды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақстан мен Арменияның қатынасы талқыланды

14.10.2024

Мемлекет басшысы Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен телефон арқылы сөйлесіп, екіжақты сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ықпалдастықты одан әрі нығайту келешегін талқылады. Қазақстан Президентінің биылғы сәуір айында Арменияға жасаған ресми сапары барысында жоғары деңгейдегі келісімдерді сапалы жүзеге асыру мәселесіне ерекше назар аударылды. Ал ертең Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Армения Президенті Ваагн Хачатурян елімізге ресми сапары басталады.

Оңғар Алпысбайұлы


Хабарламаларға жазылу