Ал Ауыл шаруашылығы министрі Президентке егін бойынша есеп берді. Қазір орақ науқаны аяқталуға жақын.
Бүгінде ел бойынша егіннің 98 пайызы жиналып, 25 миллион 200 мың тонна астық бастырылған. Орташа өнімділік - әр гектардан 15,5 центнер. Диқандар 1 миллион 200 мың тонна қант қызылшасын жинамақ. Бұл – рекордтық көрсеткіш.
Айдарбек Сапаров аграрлық саланы дамытудың биылғы 9 айдағы қорытындысы мен келесі жылға арналған жоспары туралы да баяндалды. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша тапсырма берді.
Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:
Ауыл шаруашылығының өнімі 111,5 пайызға жетті. Соның ішінде өсімдік саласы 117 пайыз. Бұл нәтижеге көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына қаржыландырудың уақытылы болуы арқасында қол жеткізілді. Бұған дейін бұл сома 140 млрд теңгеден аспаған. Ал ағымдағы жылы жеңілдетілген қаржыландыру 3 есеге ұлғайтылып, 580 млрд теңгені құрады.
Орылған егіс алқабы – 98%
Бастырылған астық – 25,2 млн тонна
Орташа өнімділік - 15,5 ц/га
Қант қызылшасы – 1,2 млн тонна
Оңғар Алпысбайұлы