Басты Жаңалықтар Астанадағы білім беру мекемелерінде 2500 түп ағаш отырғызылды

Астанадағы білім беру мекемелерінде 2500 түп ағаш отырғызылды

Астанадағы білім беру мекемелерінде 2500 түп ағаш отырғызылды. Нақтырақ айтсақ 68 мектеп пен 40-тан астам балабақшаның аумағы көгалдандырылды. Шара «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында жүзеге асырылды.

Бүгін Оқу-ағарту мен Экология және табиғи ресурстар министрі қаладағы №103 орта мектепке барып, ағаш екті. Сондай-ақ мектеп оқушыларымен қоршаған ортаны қорғауға арналған трениг өткізді.

Ерлан Нысанбаев – ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

Кешеден бастадық, бүгін толығымен 2500 ағаш отырғыщдық. Мектептерге 25-тен бердік. 15 данадан әр балабақшаға, жайлы мектептерге 50-данадан бердік.

Ғани Бейсембаев – ҚР Оқу-Ағарту Министрі:

Бұл да жастардың бойында табиғатқа деген сүйіспеншілікті, өзінің қаласына деген қамқорлық және оны аялай білуге бағыттай үлкен іс-шара деп есептеймін. 01:14 Бұл бастама өте жақсы және бұл тек бір реттік емес министрлің айтуы бойынша келесі жылы да еліміздегі басқа да мектептерге осындай қолдау көрсету жоспарланып отыр.


Бөлісу