Атырауда су тасқынынан бүлінген жолдар жөнделіп жатыр
Атырау облысында көктемгі тасқын кезінде зақымданған автокөлік жолдары қалпына келтіріле бастады. Арнасынан асқан Ойыл өзені Индер-Қарабау-Миялы бағытындағы ұзындығы 340 шақырымнан астам жолдың 30 шақырымын жарамсыз етіп тастаған болатын. Сондай-ақ, Индер ауданын Қызылқоғамен жалғастыратын күре жолдың құрылысы тоқтап қалды. Жылыой, Махамбет, Индер аудандарында да республикалық, облыстық маңызы бар жолдар бүлінген еді. Қазір жұмыс қарқынды. Жауапты мамандар барлық жұмысты жыл соңына дейін бітіреміз дегенді алға тартты. Оған республикалық резервтен 5,8 млрд теңге қаражат бөлінген.
Әлібек Мұхамбетәлиев, облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы:
27,9 шақырым жол мен 6 көпір бұзылды. Бізде 4 аудан бойынша жұмыстар қарқынды жүруде. Әр жырылған жолдарға, судан зардап шеккен жолдарға біздер су өткізгіш құбыр мен мал өткелін қарастырып кетіп отырмыз. Индер-Қарабау бойынша, ол 5 жылдық нысан болып кетті. Бұл жобаны да толығымен бітіріп, қолданысқа береміз.
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Автор
Нұрсұлтан Нұрсейіт
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Заңсыз ақша шығару ісімен айналысқандар жауапқа тартылады
15.09.2025, 20:48

Биыл 140 мың оқушы «Келешек мектептерінде» білім алып жатыр
15.09.2025, 20:03
Жамбыл облысында оқушы қатарластарының қолынан қаза болды
15.09.2025, 19:55
Елордада Жолдаудың негізгі тұстары сараланды
15.09.2025, 19:52
Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жоспар қабылданды
15.09.2025, 19:50
Алдағы 3 жылда мың мектепте тіс емдеу кабинеті ашылады
15.09.2025, 19:46
Бүгіннен бастап 25 мың жұмыскердің жұмыс кестесі өзгерді
15.09.2025, 19:45
Елімізде коммуналдық желілер жаңғыртылмақ
15.09.2025, 19:42