23 мұғалім «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» медалімен марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

23 мұғалім «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» медалімен марапатталды

06.10.2024

Кеше елімізде мұғалімдердің кәсіби мерекесі өтті. Қ.Тоқаев Ақордада бір топ педагогпен кездесті. Ұстаздардың заңды мүддесі мен құқықтарын қорғауға, еңбекақысы артуына, артық міндеттерден босауына ықпал еткен Педагог мәртебесі туралы заң туралы айтты.

Мұғалімдік оқуды таңдағандардың шәкіртақысы көбейгеніне, грант саны ұлғайғанына, соның нәтижесінде осы мамандыққа озат оқушылар бара бастағанына тоқталды. Білім сапасын арттырып, балалардың жан-жақты дамуына ықпалдасуы тиіс «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы, мектептерге жылдамдығы жоғары интернет тарту, оқушыларды халықаралық олимпиадаларға қатыстыру сияқты шаруаларды тізбектеді.

Ал жиын соңында білім беру ісіндегі аса үздік жетістіктері үшін 23 мұғалімге «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын айшықтайтын медаль тапсырды. Соның бірі – қостанайлық Ағыбай Нұғыманов.


Хабарламаларға жазылу