Ақмола облысының Жарқайың ауданында су тасқынынан зардап шеккен 30 отбасыға баспана берілді. Тағы 33 жанұяға нарықтан дайын үй сатып алынды. Аймақта суда қалған 200-ге жуық баспананың 63-і тұруға жарамсыз болып қалған. Қалғандары қалпына келтірілді. Ол үшін қазынадан 60 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінген.
Жалпы өңірде тасқыннан зардап шеккен 330 отбасы баспаналы болды. Жаңа үйлер Атбасар, Бұланды, Есіл, Жарқайың аудандарында салынды. Тағы 200-ден астам отбасыға нарықтан дайын үй сатып алынды. 2 мыңға жуық жанұя жүз айлық есептік көрсеткіштегі біржолғы әлеуметтік төлем алды.
Айнагүл Смағұлова, тұрғын:
Қазіргі үй жақсы. Өзіміз таңдап алдық. Өзімізге таңдау берді. Өздеріңіз қарап, осы үйге кіремін деп айтасыз, сол үйді аламыз деді. Сосын сол үйдің қожайындарына ақшаларын төлеп, үйді өз атымызға түсірді.
Ұмсындық Наурызбаева