Қасым-Жомарт Тоқаев Си Цзиньпинді Қытай халық Республикасының құрылғанына 75 жыл толуымен құттықтады. Мемлекет басшысы ел бірлігі мен тұтастығының бірегей нышаны саналатын бұл күннің орны ерекше екеніне тоқталды. Президент Қазақстан мен Қытай арасындағы сан қырлы ынтымақтастық стратегиялық серіктестік рухында қарқынды дамып келе жатқанына назар аударды. Екі елдің мызғымас достық пен тату көршілікке негізделген байланысы қос халықтың игілігі жолында ұдайы нығая беретініне сенім білдірді. Қытайдағы мемлекеттік мерекенің тойлануына байланысты екі ел шекарасындағы өткізу бекеттері жабылды. Уақытша шектеу 3- қазанға дейін созылады.
Оңғар Алпысбайұлы