Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қасым-Жомарт Тоқаев Қожа Ахмет Ясауи кесенесіне зиярат етті

27.09.2024

Түркістан облысында ірі өндірістік кешен салынып жатыр. Арнайы әзірленген аймақта 150-ден астам зауыт-фабрика ашылады. Сегіз кәсіпорын жұмысын бастап та кеткен. Алғашқы ашылғандарын Мемлекет басшысы арнайы барып аралап көрді. Бұдан бөлек, Президент білім беру, мәдени, спорт нысандарының жұмысымен танысты. 

Мемлекет басшысы тұтас түркі жұртының төрі саналатын Түркістанға сапарын Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат етуден бастады. Одан соң өңірдегі білім беру, мәдени және өндірістік кешендерді аралауға кірісті.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші:

Түркістан облысында мектеп мәселесі күн тәртібіндегі негізгілердің бірі. Өйткені аймақта бес жүз мыңнан астам оқушы бар. Яғни Қазақстандаы мектеп жасындағы әрбір жетінші бала осы өңірде. Биылдың өзінде өңірде бес апатты және төрт үш аусымды мектептің мәселесі толық шешілді.

Жемқорлардан қайтарылған қаржы есебінен 20 мектеп салынып жатыр. Он үші биыл пайдалануға беріледі. «Жайлы мектеп» Ұлттық жобасы аясында 29 мектептің құрылысы жүргізілуде. Осылайша тағы 14 мың бала мектеппен қамтылады.

Білім сапасы да жаман емес. Мәселен облыстық білім инновация лицейі Республикалық олимпиада нәтижесі бойынша еліміздің үздік 11 білім ордасының қатарына кірген. Күнделікті сабақ қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде өтеді. Спортпен айналысам деген балаларға тегін үйірмелер қарастырылған.

Ділмұрат Тасболатов, оқушы:

Менің мақсатым, халықаралық жарыстарда елімнің атын таныту және де басқа балаларды өз мақсатына жетуге шабыттандыру. Лицейімізге қонақ болғаныңыз үшін рахмет.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті: 

Қазір жастар білімді болуы керек. Сондықтан баршаңызға бақыт тілеймін. Білімді болыңдар.

Оқушылар жасанды жер серігін құрастырып жатыр

Бұдан бөлек икемі бар балалар техниканың тілін меңгереді. Оқушылар екі рет жасанды жер серігін ұшырып, алынған ақпарат бойынша ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысып жатыр. Келер жыл өз қолдарымен жасаған ғарыш аппаратын көкке көтеруді жоспарлап отыр.

Еркін Ақтаев, Робототехника үйірмесінің жетекшісі: 

Түркістан облыстық экология департамента бар. Солармен келісімшарт жасасақ онда онда біз бізден алынған мәліметтерді экология департаменті, Қазгидромет мекемелері бар. Солар да біздің мәліметтерді ала алады. Біз енді болашақта тек қана осы оқушыларды емес сонымен қатар студенттерді де тартқымыз келіп отыр.

Мұз сарайында үйірме көп

Одан соң Мемлекет басшысы мұз сарайына барды. Нысанның Орталық Азияда баламасы жоқ. Жыл 12 ай жұмыс істейді. Әуелде түркістандықтарға таңсық болған кешен қазір сүйікті орындарына айналған.

 Данияр Исабаев, Мұз сарайының басшысы: 

Қызығушылық өте жоғары деңгейде деп айтсақ болады. Себебі бұрын соңды болмаған спорт түрі болғаннан кейін барлық ата-ана қызығады және де барлық бала қызығады. Бізде барлық үйірмелер тегін.

Балалар хоккей, мәнерлеп сырғанау, шорт трек үйірмелеріне қатысады. Бапкерлер де білікті. Бүлдіршіндерге бүгіннен бастап бағындырар белестің биіктігін белгілеп қойған.

Спортшылардың Президентке тартуы

Ал қалада алғаш рет құрылған хоккей командасы Президентке спорттық формаларын сыйға тартты.

Жаңа достық үйі пайдалануға берілді

Ал бұл ынтымақ пен ізгіліктің ордасы - достық үйі. Құрылысы бір жылдың ішінде толық аяқталған.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші: 

Түркістан облысында достық үйін салуды Мемлекет басшысының өз тапсырған. Өйткені аймақта елуге тарта ұлт пен ұлыстың өкілі тұрады. Жаңа ғимарат бір шаңырақ астында концепциясы негізінде салынған. Яғни түрлі диаспора өкілдері қазақтың қара шаңырағының астында бірлік пен ынтымақтың туын бірге желбіретеді.

Енді бұл ғимаратта 11 этномәдени бірлестік жұмыс істейді.

Жаңа өндірістік аймақ салынып жатыр

Түркістан облысы алты жыл бұрын ғана жеке аймақ ретінде айқындалды. Көне шаһар аз уақытта адам танымастай өзгерді. Қаланың архитектурасынан бөлек, өндіріс пен өнеркәсіпті дамыту уақыт күттірмес міндет ретінде белгіленді. Сондықтан жаңа өндірістік парк құрылып жатыр. Бірінші кезеңінде 42 ғимарат салынып, өнім шығарамын деген кәсіпкерлерге жалға беріледі. Кейін тағы жер бөлініп, 150 ден астам зауыт фабрика орналастырылмақ. Бүгіннің өзінде сегіз жоба жүзеге асырыла бастаған.

Дархан Сатыбалды, Түркістан облысының әкімі: 

Макроэкономикалық көрсеткіш сегіз айда жүз сегіп пайызға жетіп отырмыз. Барлық салада, құрылыс, тұрғын үй, инвестиция, сауда ақпарат және басқасында оң өсім бар. Негізгі көрсеткіштер бойынша төртінші орындамыз. Бірінші бестікке кіреміз.

Алдымен Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрмесін аралады. Оңтүстік өңірлерде егіс алқаптарында су тапшы екені айтылып жүр. Сондықтан тіршілік көзін барынша үнемдеу технологияларын енгізу тапсырылған.

Нұрбек Бадырақов, Түркістан облысы Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы:

Түркістан облысында агроөнеркәсіп кешеніндегі жалпы өнім көлемі 2030 жылға дейін екә трлн теңгеден астам жалпы өнім өндіріледі. Ол негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарын әртараптандыру аясында тыңайтқыштарды ғылыми негізделген нормамен беру аясында және дақылдарды мақта егістігін ұлғайту және тамшылатын суғару барысы арқылы өндіріледі.

Өндірістік паркте орналасқан Тұран су компаниясы тамшылатып суару құрылғылары мен құбырларын дайындайды.

Досхан Лесов,  «Тұран су» МКК басшысы: 

Мына жерде барлығы автоматика көрсетілген. Автоматтың толық циклы толық көрсетіліп отыр. Мына жерде камера бар. Ол бәрін дұрыс тесіліп жатыр, тесіліп жатқан жоқ барлығын қарап отырамыз.

Өңірге қаржы құйып келетін инвесторларға қойылатын талап та бар. Өндірілетін тауарда жергілікті өнімнің үлесін арттыру.

Омар Бақтыгерей, «Aqniet Holding» компаниясының төрағасы: 

Металл өзіміздікі. Қарағандылық компаниядан алып жатырмыз. Металлинвест компаниясынан алып жатырмыз. Ағашы да өзіміздің ламинаттар басып шығару сол жерден алып жатырмыз. Мына пластиктің өзін КРІ компаниясынан алып отырмыз. Сол себепті тоқсан бес пайыз отандық өнім деуге болады. Бояуынан басқасының барлығы өзіміздің отандық өнім.

Сондай-ақ өндіріс аймағында ұшқышсыз барқару құрылғылары, тоңазытқыш, бейнекамералар шығаратын зауыттар жұмысын бастап жатыр. Шетелдік инвесторлар өңірдің мақтанышы мақтадан мата шығаруды бастаймыз деп отыр. Осылайша жеңіл өнеркәсіпті дамытуға мүмкіндік болмақ.

«Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында сүт өнімдері арзандады

Ал бұл Ордабасы ауданындағы кәсіпорын. Голдштейн Фриз тұқымының 600 бас сауын сиыры бар. Бір сиыр тәулігіне орта есеппен 25-30 литрден сүт береді.

Оңғар Алпысбайұлы, тілші: 

Бұл жердегі бір қораның өзінде тәулігіне екі жүз сексен сиыр сауылады. Ал сауыншы мүлде жоқ. Өйткені нысан толық автоматтандырылған. Мінеки мына жерде бір сиырды қазір робот сауып жатыр. Ал екіншісі артында өз кезегін күтіп тұр.

Бөкейхан Әбішев, «Бөрте Милка» ЖШС бас директоры: 

Мемлекеттен 2,5 пайызбен несие беріліп жатыр. Сонымен қатар ол он жылға беріледі. Сол сәтті пайдаланып біз де екі де жеті млрд қаражат алдық. Сол арқылы осы бесінші қораны салдық. Осының арқасында сүтімізді екі есеге арттырдық. Халыққа сатып отырған сүтіміздің бағасын отыз пайызға төмендеткен болатынбыз.

Үш жылда 145 инвестициялық жоба жүзеге асады

Иә, кәсіпорын сүтті өздері өңдеп, маңайдағы облыстарды табиғи өніммен қамтып отыр. Ендігі жоспар сату нарығын одан әрі кеңейту. Президент жұмысымен танысқан келесі кәсіпорын тігін фабрикасы. Жоба киім-кешектің импортын алмастырып, маңайдағы ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамту мақсатында қолға алынған. Мәселен, Ермахан Байыстың отбасын тігіншілер денастиясына жатқызуға болады. Қазір, жолдасымен бірге осы жерде жұмыс істейді.

Ермахан Байыс, тігінші: 

Өзімнің әкем осындай машиналарды шұқылайтын болған. Анам тігінші болған уақытында. Содан біздің нағашы әпкелерім барлығы осындай тігінмеен айналысады. Сол нағашы жағымнан келген болуы керек мен де осындлаймен айналысып жатырмын. Қазір өзіңізде жолдасыңыз да осында? Өзім де жолдасым да осында.

Облыс әкімінің айтуынша, алдағы үш жылда 145 инвестициялық жоба жүзеге асады. Нәтижесінде 20 мыңнан астам жаңа жұмыс орны пайда болады. Қасым-Жомарт Тоқаев облыста қолға алынған жобаларға көңілі толатынын айтып, оң бағасын берді. Сондай-ақ қаржы құйып, келем деген инвесторларға көрсетілетін қолдауды арттыра беруді тапсырды.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу