Президент жұмыс бабымен Түркістан облысына барды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент жұмыс бабымен Түркістан облысына барды

27.09.2024

Мемлекет басшысы жұмыс бабымен Түркістан облысына барды. Қасым-Жомарт Тоқаев тұтас түркі жұртының төрі саналатын мекенге сапарын Қожа Ахмет Яссауи кесенесіне зиярат етуден бастады. Одан соң білім инновация лицейіне барып, мектеп ұжымымен кездесті. Республикалық деңгейде білімімен дараланып жүрген балаларға батасын беріп, сәттілік тіледі. Ал бұл Түркістандағы жаңа мұз сарайы. Орталық Азия бойынша баламасы жоқ. Жыл он екі ай жұмыс істейді. Бұл жерде спортшылар президентке биік белестерді бағындырамыз деп сөз берді. Түркістан облысында барлығы елуге тарта ұлт пен ұлыстың өкілі тұрады. Мемлекет басшысы ынтымақ пен бірліктің ордасына айналған достық үйіне де барып, түрлі диаспора өкілдерімен кездесті. Президент әрі қарай өндірістік нысандарды араламақ.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

Ең алдымен біздің халқымыз жақсы. Көп ұлтты халық. Сондықтан да тыныш болады. Мен баршаңызға, әсіресе ардагерлерге алғысымды білдіргім келеді. Біздің жастарымызға үлгі өнеге көрсетіп жатырсыздар. Біз барлығымыз бірігіп, ел үшін мемлекетіміз үшін жұмыс істеуіміз керек.

Оңғар Алпысбайұлы

Хабарламаларға жазылу