Елімізде адам папилломасы вирусына қарсы вакциналау басталды
Елімізде 11 жастағы қыз балаларды адам папилломасы вирусына қарсы вакциналау басталды. Бас санитардың арнайы Қаулысы шықты. Екпе жатыр мойны обырының алдын алады. Егу жұмыстары мектептердің медициналық кабинеттерінде ата-аналардың немесе заңды өкілдерінің келісімінен соң жүргізіледі. Жатыр мойны қатерлі ісігі әйелдер арасында таралуы бойынша екінші орындағы кесел. Жыл сайын елде аурудың 1900-ға жуық жаңа дерегі тіркеледі. Вакцинаның бұл түрі әлемнің 135 елінде, соның ішінде Өзбекстан, Қырғызстан және Түрікменстанда қолданылады. Бірқатар елде осы екпеден кейін әйелдер арасында вирустың таралуы 90%-ке төмендеген.
Асылбек Данияр
Автор
Асылбек Данияр
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Боксшы қызымыз Назым Қызайбай жартылай финалға шықты
12.09.2025, 18:46

Жетісу облысында заңсыз төгілген 146 қоқыс орны анықталды
12.09.2025, 18:44
Отбасы күні қарсаңында 70 жыл отасқан жұптар бас қосты
12.09.2025, 18:42
Мыңдаған отбасы қолдау орталықтарынан көмек алды
12.09.2025, 18:40
Жетісу облысында «Еңбек жолы» байқауы өтуде
12.09.2025, 18:39
Еңбек адамы: Оқушылары озат ұстаз
12.09.2025, 18:37
Алматыда Ассамблея жастарының Халықаралық слеті өтті
12.09.2025, 18:34
Астанада жас дінбасылардың II форумы өтеді
12.09.2025, 18:32