Бельгияда зауыт жұмысшылары ереуілге шықты
«Audi» автоконцерні Бельгия астанасы Брюссельдегі зауытын жаппақ. Салдарынан 3 мыңнан астам адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Зауыт жұмысшылары осыған қарсы Брюссельде наразылық шеруін өткізді. Концерн қызметкерлеріне Нидерланд, Германия мен Бельгияның түпкір-түпкірінен 5 мыңнан астам адам қолдау көрсетуге келді. Еуропалық парламент алдына жиналған шерушілер биліктегілерден Қытайлық демпингке қарсы шара қолдануды, Еуроодақтың өндірістік саласына 800 млрд еуро инвестиция құюды талап етті.
Диего Морис, кәсіподақ ұйымының өкілі:
Қытай мен Азия елдерінің арзан көліктерінің кесірінен Еуропаның өндірістік саласы бәсекеге төтеп бере алмай, құрдымға кетіп барады. Құтқармаса болмайды.
Жанин Мальпик, компанияның қызметкері:
Бұл сұмдық қой, мен өмірімнің 20 жылын осы зауытқа арнадым. Жұмыссыз қалсам, бала-шағамды қалай асыраймын!?
Нұрсұлу Қасым
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бүгін «Қайрат» чемпиондар лигасындағы ойынын бастайды
18.09.2025, 17:48

ҚФФ футбол академиясына FIFA мәртебесі берілді
18.09.2025, 17:45
Шымкентте «Таза қала, таза аула, таза үй» тақырыбында ашық сабақтар өтуде
18.09.2025, 17:42
Жетісу облысында «Таза Бейсенбі» экологиялық акциясы өтті
18.09.2025, 17:39
Транзитттік тасымалдың көлемі артады
18.09.2025, 17:36
Семейде тұңғыш рет қала әкімін сайламақшы
18.09.2025, 17:30
Атыраулықтар жем-шөпті көрші облыстан сатып алуға мәжбүр
18.09.2025, 17:27
Ресейде кейбір ірі оқу орындары бірігеді
18.09.2025, 17:24