Басты Жаңалықтар Қытайда келер жылы азаматтардың зейнетке шығу жасы көтерілмек

Қытайда келер жылы азаматтардың зейнетке шығу жасы көтерілмек

Қытай үкіметі 1950 жылдардан бері алғаш рет азаматтардың зейнетке шығу жасын біртіндеп көтеретінін жариялады. Қаңтардың 1-і күшіне енетін заңға сәйкес, алдағы 15 жылда қара жұмыста жүрген әйелдер бұрынғыдай 50-де емес, 55 жаста құрметті демалысқа жіберіле бастауы керек. Ал кеңседе еңбек ететін әйелдер 58-де қызметті тоқтатуға міндетті. Ерлердің зейнет жасы 60-тан 63-ке дейін жоғарылатылмақ. Бірқатар сарапшы пікірінше, Қытайдың зейнетақы қоры ортайып барады. Сондықтан көбейіп келе жатқан қарттарды қамтамасыз етуге келешекте қаражат жетпеуі мүмкін.


Арыстан Рысбек

Бөлісу