Қазақстандықтар әскерге шақыру жасын өзгерту туралы петицияға қол жинап жатыр
Қазақстандықтар әскерге шақыру жасын өзгерту туралы петицияға қол жинап жатыр. Бастамашы топ азаматтарды армияға 18 жастан емес, 20 жастан бастап қабылдауды сұрайды. Бұдан әскери қызметтің тиімділігі артып, қорғаныс жүйесінде оң өзгерістер болады делінген құжатта. Яғни, оқу оқып, оң солын ажырата білген кезде, әскерге барғандардың ел алдындағы жауапкершілігі артады дегенді алға тартады.
Сондай-ақ, бұл казармадағы әлімжеттік мәселесін де шешпек. Сонымен бірге, петицияда Швеция, Германия, және Австрия елдерінде әскерге шақыру жасы 19-20 жастан басталатыны жазылған. Бұл бастаманы қолдайтындар да, бұдан әскердегі бассыздық тыйылмайды дейтіндер де бар.
Айя Мүтәлі
Автор
Айя Мүтәлі
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Әлем чемпионаты: 6 спортшымыз келесі кезеңге өтті
11.09.2025, 10:21

Таза қала – бәрімізге ортақ жауапкершілік
11.09.2025, 10:20
Жолдау: Жасанды интеллект – жаһандық бәсекенің жаңа алаңы
11.09.2025, 10:18
Қандастар: Атажұрттағы әр жетістікке қуанамыз
11.09.2025, 10:14
Астанада «Келешек мектебі» ұлттық жобасы аясында 23 мектеп бой көтерді
11.09.2025, 10:13
«Ауыл» партиясы Президент Жолдауына қолдау білдірді
11.09.2025, 10:11
Цифрландыру – заман талабы
11.09.2025, 10:08
Францияда 200 мың адам қатысқан шеру өтті
11.09.2025, 10:08