Қазақ тазысы өлмейді: Халықаралық кинология федерациясының шешімі белгілі болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қазақ тазысы өлмейді: Халықаралық кинология федерациясының шешімі белгілі болды

08.09.2024

Халықаралық кинология федерациясының Бас комитеті қазақ тазысын ит тұқымы деп тану туралы алдын ала шешім қабылдады және Қазақстанның тұқым стандартын ұстаушы мәртебесін бекітті. Бұл шешім тазының халықаралық деңгейде қазақ итінің тұқымы ретінде толық танылуы алдындағы шешуші әрі соңғы кезең болып отыр, деп хабарлады Қазақстан президентінің іс басқармасы.

2022 жылы Қ.Тоқаев қазақ ит тұқымдарын сақтау, сондай-ақ оларды халықаралық деңгейде тану мәселесін шешуді тапсырған. Сөйтіп заң қабылданды, тазы стандарты бекітілді. Қазақстан кинологтар одағы еліміздің әр өңірінде ауқымды көрмелер өткізді.

Қазақ тазысы бірегейлігінің бұлтартпас дәлелі болатын маңызды генетикалық зерттеулер жүргізілген.

Бертінге дейін тазыға байланысты әңгімені Мұхтар Мағауиннің шығармасы «Тазының өлімімен» өріп, күңіренетінбіз. Лашынмен бірге барлық тазы өлгендей көрінетін. «...Тазыдан қалған жалғыз белгі - ауыл еркектерінің басындағы түлкі тымақтар да көп ұзамай тозып бітті. Олардың орнын елтірі тымақтар мен арзан малақайлар басты. Өйткені Лашын осы өңірдегі асыл нәсілді ең соңғы тазы еді».

Жағдай өзгермейтіндей еді. Олай емес екен. Қазақ тазысы өлмейді.

Хабарламаларға жазылу